USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Теракті туралы жалған хабарлама таратқан астаналық азамат сотталды

Астана соты жергілікті тұрғынды терроризмге қатысты жалған ақпарат бергені үшін бір жарым жылға соттады деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот материалында көрсетілгендей, аты-жөні айтылмаған сотталушы 2016 жылдың 30 маусымында Астанадағы Sine Tempore сауда үйінде әлдекімдер терактіге дайындалып жатыр деп полицияға хабарлаған.

«Сауда орнына келген құқық қорғаушылар терроризм актісіне дайындық туралы ақпаратты растамады», — делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Астанадағы № 2 Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес, сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өткізеді.

Ұқсас сілтемелер:
05 Желтоқсан 2016, 18:51
Жақсылық пен жамандық туралы
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады