BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.49
Астана:

Теміртауда аяғы ауыр әйел суға батып кете жаздады

Фото: zerkalo-gazeta.com

11 шілде күні Теміртаудағы Самарқанд су қоймасында аяғы ауыр әйел суға батып кете жаздаған. Оны құтқаршылар құтқарып қалды, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару қызметінің құтқарушылары Самарқанд су қоймасынан әйел адамды аман алып қалған. Әйел адам жағадан алысқа ұзап жүзіп кетіп, қайыра орала алмаған.

«11 шілде күні 21 сағат 10 минутта кезекші бөлімге су қоймасында адамның батып бара жатқандығы жайлы xабарлама келіп түсті. Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, екіқабат әйелді құтқарды. Ол жағадан алысқа ұзап кеткен. Содан кейін өз бетімен жағаға жете алмаған», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Әйелді жағалауға шығарған құтқарушылар оны жедел медициналық қызмет көрсету қызметкерлеріне табыстады. Құтқарушылар тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауларын сұрайды.

«Суға түсуге арнайы жабдықталған жерлерге барыңыздар. Арнайы белгіден ары қарай жүзбеңіздер. Демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Мас күйінде суға түсуге және түнде шомылуға тыйым салынады», - дейді Ж. Дәуренбекова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер