BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Теміртауда жас жігіт әйелді пышақтап кетті

Фото: ru.sputnik.kg

Жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қылмыстық істің бетін ашты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

5 тамызда түнде жедел жәрдем көлігімен қалалық орталық ауруханаға 34 жастағы әйел пышақ жарақатымен түсті. Ол есін жия алмай, көз жұмды.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 20 жастағы күдікті азамат ұсталды. Ол мас күйде жүріп, қаладағы сауда үйлерінің бірінде әйелді пышақпен жарақаттағанын мойындады.

Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторында. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер