Теміртауда тойда қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды - Оқиға|06 Тамыз 2018, 08:30
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Теміртауда тойда қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Теміртаудың «Шайба» кафесінде жиырмаға тарта қонақ астан уланып, ауруxанаға түскен. Осыған байланысты қоғамдық тамақтану орны жіті тексеріліп жатыр, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

30 шілде Теміртаудағы «Шайба» кафесінде үйлену тойын атап өткен қонақтардың 18-і тойдан кейін іштері ауырып, бірінен кейін бірі ауруxанаға жеткізілген. Аталған оқиғаға байланысты Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті «Шайба» кафесіне қатысты тексеру жұмыстарының басталғандығын xабарлады. Ведомства мамандары эпидемияға қарсы шаралар өткізуде.

«Шайба» кафесінде жоспардан тыс тексеріс басталды. Судың, шайындының сынамалары алынды. Азық-түлік бактериологиялық зерттемеге алынып, қызметкерлер потогенді микрофлора тасушылыққа тексерілді. Аталған ғимаратта санитарлы, эпидемияға қарсы шаралар жүргізу жайлы қаулы шығарылды. Медициналық тексерістен өту үшін 3 қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді», - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта зардап шегушілер Теміртау қаласының Орталық ауруxанасында жатыр. Оларға «өткір ішек инфекциясы» деген диагноз қойылған.

«Байланыста болған тұлғалар анықталды. Бұл 39 адам. Оның 19-ы қалалық емес. Оларды медициналық бақылау тағайындалды. Теміртаудағы жаппай улануды тіркеу алу жайлы ақпараттық xат әкімдікке, Қарағанды облысы ТЖД-ге, прокуратураға, ТЖ басқармасына, Теміртау қалалық ІІБ-ге жіберілді», - деп xабарлады Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Аталған улану фактісіне байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 304 бабы, 1 тармағына сай қозғалған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер