USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Теміртауда бұзақылар 20 зиратты қиратып тастаған

Фото: Nur.kz

Теміртауда бұзақылар 20 зиратты қиратып тастаған. Зираттарды тонағандар үлкен топ болып жұмыс істеген. Олар қорымдағы көлемі мен пішіні бір-біріне ұқсас қоршауларды алып кеткен деп хабарлайды Baq.kz-тің Қарағандыдағы тілшісі.

Жерлеу қызметі агенттігі басшысының орынбасары Александр Иштваниктің айтуынша зиратты күзететін күзетші болмағандықтан ол өзі қорымға келіп, тексеріп тұрады екен. Осындай тексерістердің бірінде ол зираттардың қоршауларын бұзып жатқан ұрыларды көріп қалған.

«Біз жүргізуші екеуіміз бір адамды ғана ұстап үлгердік. Топтың қалған мүшелері қашып кетті. Тонаушылар пішіні мен көлемі бірдей қоршауларды алған. Олар шамамен 20 бейітті қиратқан. Қазір қоршаулар қоймада тұр. Кей адамдар туған-туыстарының зираты тоналғанын әлі білмейді», - деді А.Иштваник.

Биылғы жылы Теміртау қаласының полиция бөліміне қорымдарды тонау фактісі бойынша 13 арыз түскен. Сотқа тек екеуі ғана жеткен. Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, егер бұзақылар қылмыс үстінде ұсталмаса бұндай қылмыстарды ашу қиынға соғады.

«Өкінішке орай, адамдар бізге кеш хабарласады. Олар туыстарының бейітіне жиі келмегендіктен, қорымның тоналғанын білмей де жатады. Кейде тіпті жарты жылдан кейін полицияға арыз түсіретіндер де бар. Уақыт өтіп кеткендіктен қылмысты дәлелдейтін айғақтарды тауып, ұрыларды ұстау қиынға соғады», - деді Теміртау қаласының Ескі қалалық полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Амангелдин.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады