USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Тәжікстан азаматтарын тонаған жамбылдық полицейлер істі болып жатыр

Жамбыл облысында Тәжікстан азаматтарын тонап аты шыққан инспекторлардың басшылары бірінен соң бірі қызметтен қуылып жатыр. Жол-патрульдік полиция батальонының командирі мен оның орынбасары осы атышулы оқиғадан соң жылы орындарымен қош айтысқан. Ал осы іс бойынша ұсталған екі тәртіп сақшысы қазір қамауда.

Оларға қатысты қызметін асыра пайдалану дерегі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, тонау кезінде полицейлермен бірге болған тағы бір азамат ұрлық бабы бойынша айыпталып, ол да абақтыға жабылған. Ал өзге үш сыбайласты әлі күнге дейін ұстау мүмкін болмай тұр. Қарашаның бірі күні Ресейден үш жүк көлігімен келе жатқан тәжікстандықтарды екі инспектор мен төрт жігіт қорқытып, 250 мың рубльін тартып алған. Жәбірленушілер арызынан соң күдікті ретінде екі патрульдік полиция қызметкері мен бір жергілікті тұрғын ұсталған болатын. Тәжіктер бұл оқиғаға тағы екі жол сақшысының қатысы барын айтып, олардың 5 мың рубль боспалағанын мәлімдеді. Алайда тексеру кезінде бұл дерек дәлелін таппапты.

«Аталмыш факт өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тексерілген. Нәтижесінде полиция батальонының екі қызметкері теріс әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, командир орынбасары мен Тараз қалалық ішкі істер бөлімі патрульдік батальон командирі атқарып отырған лауазымынан босатылған», - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

КТК

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады