BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Таразда қызды қорғамақ болған 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

Фото: belsat.eu

Таразда 16 жастағы жасөспірімді жазым қылған бір топ жігітке іздеу жарияланды. Олар қаланың қақ ортасында студентті ұрып өлтірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, көңілді кештен шыққан төрт жігіттің жанындағы екі қыздың бірінің қолындағы шарды жанынан өтіп бара жатқан жігіттердің бірі жарып жіберген. Бұған жасөспірім шамданып, қарсы шығады. Сол сәтте оған бұзақының бірі иек астынан қатты соққы жасап, тас жолға құлатқан. Жерге оңбай құлаған жасөспірім сол жерде жан тапсырды. Тәртіп сақшылары күдіктілерге іздеу жариялап, аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтып отыр.

«Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді Жамбыл облысы ІІД-ның баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер