BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Таразда аурухананың екінші қабатынан 2 жасар бала құлап кетті

Фото: Politeka

Сәбидің анасы баласын қараусыз қалдырған күйде палатадан шығып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Таразда тағы бір қайғылы жағдай болды. Жамбыл облыстық балалар инфекциялық ауруханасының екінші қабатынан екі жасар бала құлап кетті.

Бұл жағдай 12 маусымда сағат 14:00 кезінде болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала байқаусызда екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Оны бірден ауруханаға жатқызды.

«2016 жылы туған бала анасымен бірге Жамбыл облыстық балалар инфекциялық ауруханасында болған. Анасы палатадан шығып кеткен кезде сәби екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ол қазір Жамбыл облыстық ауруханасында жабық бассүйек-ми жарақатымен жатыр. Жағдайы тұрақты, есін біледі», - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұл Таразда бірінші рет болып отырған қайғылы жағдай емес, Бір ай бұрын, 12 мамырда ол жақта тағы бір қайғылы жағдай болды: екі қабатты жеке тұрғын үйде ата-анасының қарауынсыз қалған кішкентай қыз терезеден құлап кеткен еді. Ол да ауруханаға жатқызылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер