BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Таиландта сегіз қазақстандық турист жол апатына түсті

Таиландтың Пхукет аралындағы Hanuman World атты аттракциондар паркінің территориясында микроавтобустың қатысуымен болған жол апатында он шақты турист зардап шекті, оның сегізі қазақстандық, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

«Саябақ территориясында келе жатқан микроавтобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, ағашқа соғылған. Зардап шеккен он адамның тоғызы жақын маңда орналасқан Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілген. Екі адамның аяғы, бір адамның қолы сынған, қалғандары ауыр жарақат алған», - деп хабарлайды басылым.

БАҚ мәліметінше, Hanuman World саябағы туристер арасында танымал. Сондай-ақ, осы аттракционға ресей мен ТМД елдерінің туристері келетіні айтылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер