BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ШҚО-да су тасқынынан жолдар жабылды

Фото: inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ пен су тасқыны салдарынан өңірдегі бірнеше автожол жабылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазақавтожол» ЖШС-ға сілтеме жасап.

11 наурыз сағат 16:30-да су тасқыны салдарынан Баршатас ауылынан Аягөз қаласына дейінгі республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» учаскесінде барлық автокөлік үшін жол жабылды. Ал сағат 17:00-ден бастап, облыстық маңызы бар «Аягөз-Қараауыл-Семей-Қайнар» учаскесінде барлық автокөлік үшін (0-144 шақырым, Қараауыл ауылы) жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар, сағат 19:00-да көктайғаққа байланысты Қалбатау ауылынан Аягөз қаласына дейінгі республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» учаскесінде қоғамдық көліктер үшін жолдар жабылды.

Сағат 22:00-де облыстық маңызы бар «Күршім-Калжир-Бурабай-Маралиха» (0-75 шақырым) жол учаскесін су шайып кетуіне байланысты барлық автокөлік үшін аталған аумақта жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ, 10 наурыз сағат 23:20-да республикалық маңызы бар «Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары» трассасындағы Ұшан ауылынан Зырян қаласынан дейінгі аумақта жауын-шашын және көктайғаққа байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін жолдар жабылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер