BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Солтүстікте салықтан жалтаруға көмектескен қылмыстық топ ұсталды

Фото: taxfinance.bg

Солтүстік Қазақстан облысында салық төлеуден жалтаруға көмектескен, яғни жалған шот-фактура жазып берумен шұғылданған екі қылмыстық топ әшкере болды. Олардың кесірінен мемлекетке 2 миллиарлд теңгеден астам шығын келген, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қадағалаушы органның бастамашылық етуімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі бірдей қылмыстық топ анықталды. Олар салықтың төленгендігі туралы жалған шот-фактуралар жасаумен айналысқан екен. Бір қылмыстық топ 18 кәсіпорынды салық төлеуден жалтартқаны белгілі болды. Ал екіншісі экстремизмді қаржыландыруы мүмкін деген күдік тағылып отыр.

«Облыс прокуратурасы қадағалау жұмысының басым бағыттарының бірі – қоғамдық мүддені қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуы, яғни көлеңкелі экономикамен күрес. Прокурорлық тексерістер мен сараптамалардың нәтижесінде салықтан жалтарудың жолы анықталып, арам пиғылды салықтөлеушілер әшкере болды», – дейді СҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы Гүлмайра Серғалиева.

Прокурорлардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде қылмыстық топтардың жолы кесілді. Екі мүшесі тұтқындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер