BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Солтүстік тұрғынынан 14 келі кененшөп тәркіленді

Фото: kohajone.com

Солтүстік Қазақстан полицейлері аулаларында құрамында есірткі заттары бар арамшөп өскен тұрғындарды жаппай жауапкершілікке тарта бастады, деп хабарлайды «Baq.kz» аймақтағы тілшісі.

Осындай фактілердің бірі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданында тіркелді. Бұған дейін тәртіп сақшыларының жасаған ескертуін елемеген тұрғынға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Адамдар көп нәрсеге мән бермейді. Тіпті аулаларында өсіп тұрған арамшөпке. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер бірден жойылуы тиіс. Өйтпеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 420 бабы бойынша жауап беруге тура келеді. Оған сәйкес 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Жыл басынан бері 133 адамға қатысты осы сынды әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жандос Басыбаев.

Бұған дейін Тайынша қаласының тұрғынына үйінің маңындағы кененшөпті жоймаса жауапкершілікке тартылатындығы жайында жазбаша ескерту жасалған. Енді ол ескертуді елемей, арамшөпті жоймағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

«Құрамында есірткі заттары бар арамшөптердің өсуіне тосқауыл қою – полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Сондықатан біз оған баса мән береміз. Тайынша тұрғынының ауласында өсіп тұрған 512 түп кененшөп жойылды. Оның жалпы салмағы – 14 келі», - дейді СҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Нұрбек Баекин.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан полицейлері құрамында есірткі заттары бар арамшөптерді жою жөнінде 2290 ескерту қағазын таратқан. Оның 103-і заңды тұлғаларға тиесілі. Тәртіп сақышыларының айтуынша көп жағдайда адамдар аулаларын аталған өсімдіктерден тазартады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың 8 айында Қызылжар өңірінде заңсыз есірткі айналымына қатысты 212 қылмыстың беті ашылды. Айналымнан 133 келіден астам есірткі заты тәркіленді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер