BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Солтүстік Қазақстанда су ағызып кеткен жеті жастағы бала іздестіріліп жатыр

Фото: wikipedia.org

Қайғылы жағдай 9 маусымда Қызылжар ауданы, Новоникольское ауылында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда өткен сенбіде 2011 жылы туған бала ойнап жүріп, Ишим өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі бала судың маңында ойнап жүрген, оның біреуі жеті жастағы бала. Ол белгісіз себептермен суға құлап, қатты ағыс Петропавл бағытына қарай алып кеткен. Қазір болған жағдайдың мән-жайы анықталуда. Кішкентай ұлдың тірі қалу мүмкіндігі өте аз. Оны төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар іздестіруде.

«Былтыр 24 солтүстікқазақстандық суда болған төтенше жағдай құрбаны болған, оның үшеуі – бала. Олардың басым бөлігі тыйым салынған жерде суға шомылып жүрген кезде, ішімдік ішкен күйде суға жүзіп жүрген кезде мерт болған. Сондай-ақ, департамент қызметкерлері 48 адамды құтқарып қалса, оның 8-і бала болған», - дейді қоғамдық қорғау подполковнигі Серік Шарипов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер