BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Соққыға жыққан ер адамды көліктің жүксалғышына салып алған 4 жігіт сотталды

Фото: tengrinews.kz

Қапшағайда 2017 жылдың тамыз айында көлік жүксалғышына соққыға жыққан ер адамды салып алған төрт жігітке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар сот алдында заң тәртібін бұзушылық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 389-бабының 3-бөлігі) және адамды ұрлау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 125-бабының 2-бөліміндегі 1-тармағы) бойынша айыпты деп танылды.

«Сот үкімі бойынша, Т., Р., А., А. ҚР ҚК-ның 58-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына жеті жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде жазаларын өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінде.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, Т қызымен бірге жауын астында қалған танысы С-ны аяп, үйіне алып келеді. Оның үйінде бірнеше күн тұрған С Т-ның ақша, ұялы телефон және басқа заттарын алып, Қапшағайға қашып кеткен. Ұрлаған заттарын қайтарып алу мақсатында Т досымен бірге Қапшағайға барып, казиноның қасынан С-ны ұстап алып соққыға жығады және автокөлік жүксалғышына салып алады. Алматыға қайтып бара жатқанда оларды жол полициясы тоқтатады. Бұл 2017 жылдың 14 тамызы күні болған жағдай.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті Daewoo Nexia көлігін тексерген кезде жүргізушінің күйгелек мінезі күдік тудырып, тексеру барысында көліктің жүк салғышынан соққыға жығылған жігітті тауып алғандарын хабарлаған. Көлік ішінде төрт адам болған, олардың бәрі қамауға алынды.

«25 жастағы зардап шегуші, Бақанас ауылының тұрғыны олардың жеке затын ұрлап алды деп күдіктенген адам болып шықты. Зардап шегушіні жазалау ретінде олар көліктің жүк салғышына салып, ары қарай не істеу керек екенін шешу мақсатында Алматыға алып бара жатқан», - делінген облыстық полиция баспасөз қызметінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер