BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Шуда көлікке жасырылған 15,5 кг наша табылды

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Шу қаласында да көліктің жасырын жеріне 15,5 кг наша тығып қойған қылмыскер қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шу қаласында 5 мамыр күні Жамбыл облысы ІІД «Дельта-Долина» ААЕБКБ және ІІД есірткі биснесімен күрес басқармасының мамандарының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 39 жастағы М тұрғыны ұсталды, одан жалпы салмағы 15,5 кг 16 наша түйіншегі табылды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, қамауға алу барысында М. Volkswagen Touareg маркалы көлігінде болды, көлік есігінің астыңғы жақтауында жасырын жерде есірткі заты бар түйіншектер жасырылған.

ІІД ақпараты бойынша, қылмыскер өзінің кінәсін мойындады және Шу АІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бүгінде ҚР ҚК 296 бабы 4 бөлімі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер