BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

ШҚО-дағы әскери бөлімшеде 21 жастағы сарбаз қайтыс болды

Фото: kstnews.kz

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы №10810 әскери бөлімшесінде сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға кеше - 8 маусым күні болған. Әскери қызметкер Валерий Кружновтың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Оқиғаға байланысты қазір құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамы марқұм болған сарбаздың отбасына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Қостанай өңірлік «Қостанай жаңалықтары» басылымының хабарлауынша, сарбаз осы өңірдің тумасы - 21 жастағы Валерий Кружнов Әскери. Ол ант қабылдаған соң, бірнеше аптадан кейін қайтыс болған.

Бұл туралы сарбаздың әкпесі Александра Бадакина айтқан. Оның сөзінше, Валерийдің отбасына оның өмірден өткендігі туралы хабар кеше, таңа ата жеткен.

«Бізге ол ұйықтап жатып бақилық болды» деді. Әзірге нақты ештеңе білмейміз. 9 маусымда баланың мәйітін тексереді де, мүрдені Қостанайға жібереді. Біз оның ұйықтап жатып қалай қайтыс болғанын түсінбейміз. Әзірге сұрақ көп, бірақ жауап жоқ», - деді Александра.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер