BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

ШҚО-да Риддер қаласы әкімінің орынбасары жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: sibdepo.ru

15 сәуір күні BMW Х5 маркалы көлік жүргізіп келе жатқан Риддер қаласы әкімінің орынбасары жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып өлтірді. Облыс әкімінің тапсырмасымен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары ШҚО ІІД бастығының бақылауына алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі matritca.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Айдарханов көшесі бойында кешкі сағат тоғыз шамасында болған. BMW Х5 көлігі ілеспе бағыттағы жол жиегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соның салдарынан 1999 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметі келгенше қаза тапты.

Анықтау барысында BMW Х5 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны және Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталды. Ол тұтқындалып, уақытша изоляторға қамалды.

Риддер қаласының ішкі істер органдары ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Риддерде өткен брифингте ШҚО баспасөз аппаратының басшысы Ринат Омаров аймақ басшылығы атынан қаза болған жігіттің жақындарына көңіл айтты.

Ол іс өңір басшысының бақылауында екенін айтты.

«Біз таңертең қаза тапқан жігіттің үйіне барып, туған-туыстарына көңіл айттық. Іс облыс әкімінің бақылауында. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр және кінәлі адам сот шешімі бойынша жазаланады», - дейді Ринат Омаров.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер