BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

ШҚО ірі өндіріс ошақтарында өткен жылы 19 жұмысшы мерт болған

Фото: Inkazan

ШҚО-дағы ірі өндіріс ошақтарында техникалық қауіпсіздік шараларының сақталмауынан өткен жылы 200 жұмысшы жарақаттанып, 19 жұмысшы көз жұмған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш облыс прокуратурасында ірі кәсіпорындардағы еңбек және қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Өкінішке орай, жиын нәтижесінде жоғарыда аталған көрсеткіштер тіркеліп отыр.

«Прокуратура 19 мың адам еңбек ететін екі кәсіпорын – «Казцинк» ЖШС мен «Востокцветмет» ЖШС-да тексеру жұмыстарын жүргізді. 1500 тәртіп бұзушылық анықталды. Айталық, еңбек шартының бұзылуы, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, өндірістік жарақат фактілерін жасыру және т.б», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.

Бұл дегеніңіз, алып өндіріс ошағының әрбір үшінші кенішінде қауіпсіздік талаптары сақталмайды деген сөз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер