BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде әйелді өлтіріп кетті

Фото: news.com

Әйелді өлтірді деген күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жедел жәрдем қызметіне бұл жағдай туралы 17.34-те жоғары оқу орнының қызметкері хабарланған. 10 минуттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем қызметі барды. Медицина мамандары оның кеудесі мен іш қуысының сол жағына пышақ сұғылғанын, 4 дәрежелі геморрагиялық шок алғанын және жүрегі жараланғанын анықтады», - делінген ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Әйел облыстық клиникалық ауруханасына жеткен кезде жан тәсілім етті.

Бұл факті бойынша Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімі «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті адам қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жоғары оқу орнының зертханасында жұмыс істеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер