USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Шымкенттегі түнгі клубта 23 жастағы жігіт оққа ұшты

«Пандора» түнгі клубына келген қонақтар арасында төбелес болып, ақыры 23 жастағы жігіт оққа ұшты. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға кезінде белгісіз біреу 23 жастағы жігіттің желкесінен тапаншамен атқан. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Атысқа қатысы бар деген күдікпен 1991, 1993 және 1996 жылы туған үш адамға іздеу жарияланды.

Жалпы төбелес пен атыс клубта тұрған бейнекамералар жұмыс істемей тұрғандықтан, ешбір жерге жазылып қалмапты. Қазір оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-б 1-т «Кісі өлтіру» және 287-б «Қаруды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау және алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай жағдай Петоропавлда да орын алған. Қазан айының басында Петропавлда түнгі клубта аяусыз таяқ жеген 23 жастағы баскетболшы тіл қатпай кетті. Өскемендік спортшы Игорь Нанаев осыдан бір ай бұрын Солтүстік Қазақстанның жергілікті «Барыс» командасына ауысып келген болатын. Қазан айының екісінен үшіне қараған түні ол жолдастарымен түнгі клубқа барған. Артынша жігіттермен сөзге келіспей қалып, арты төбелеске ұласып, салдарынан қатты соққы алған. Облыстық ауруханаға жеткізілген Игорь бір апта бойы реанимация бөлімінде жатып, ақырында жан тәсілім етті.

«Хабар24»

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады