BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Шымкентте үш жасар қыз терезеден құлап, мерт болды

Фото: Ашық дереккөз

Шымкентте тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен үш жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 6 маусымда Север ықшамауданында болды. Болған жағдайды полиция қызметкерлеріне куәгерлер хабарлаған.

Оқиға орнына бірнеше минуттан кейін дәрігерлер келді. Ол кезде баланы үйге кіргізіп қойған. Дәрігерлер не болғанын сұрағаннан кейін, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Кішкентай қыз терезеден құлап кеткенде ата-анасы үйде болған. Мен осы жерде ойнап жүрдім, содан кейін артқы жағымнан әлдененің құлаған дыбысын естідім. Үйге қарай жүгіріп барған кезде бетон үстінде жатқан кішкентай қызды көрдім. Оның жан-жағы қанға боялып жатты. Мен қорқып кеттім», - дейді оқыс жағдай болған кезде аулада ойнап жүрген жасөспірім.

Куәгерлердің айтуынша, үш жастағы қыз үшінші қабаттан құлап кеткен. Ол москитті торды итеріп қалғанда жерге басымен құлаған.

Дәрігерлер қолдан келген көмектің бәрін жасағанмен, бүлдіршіннің өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер