BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Шымкентте мектеп-интернатта оқитын 10 жастағы бала жоғалып кетті

Шымкентте 10 жастағы бала із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да Шымкент ІІБ Әл-Фараби ПБ кезекші бөліміне Бәйдібек ауданының тұрғыны жүгініп, ұлының жоғалып кеткенін айтты. 20.12.2007 жылы туған Нұркен Талғатұлы Құралбек мектеп-интернатта оқиды. 12 қыркүйек күні 13:45 шамасында кетіп қалып, сол күйі оралмаған», - деп мәлімдеді ІІД-ден.

Жоғалған баланың белгілері: бойы 133 см, арық, шашы қара, қысқа. Үстінде қара түсті спорт киімі болған, аяқ киімінің түсі де қара. Ерекше белгілері: психологиялық ауруға шалдыққан, баяу әрі түсініксіз сөйлейді.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«Егер кімде-кім 10 жастағы оқушыны көрген немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін болса, мына телефон нөміріне хабарласуына болады: 54-53-66 немесе «102», - деп хабарлады ведомстводан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер