BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Шымкентте Қытай азаматы жерлесін пышақтап өлтірді

Фото: rualimenty.ru

11 мамырда Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінің аумағында Қытай азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tvk-uko.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы жағдай жатақхананың асхана ғимаратында болған. Қытайдың екі азаматы арасында жанжал туындап, 29 жастағы ер адам 1984 жылы туған азаматтың кеуде тұсын ас үй пышағымен бірнеше мәрте жарақаттаған.

Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін қайғылы жағдайдың болуына не себеп болғаны анықталады. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер