BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Шымкентте каналдан сәбидің өлі денесі табылды

Шымкент қаласында құтқарушылар Қарасу каналынан 2015 жылы дүниеге келген сәбидің өлі денесін тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәби 11 наурыз күні сағат 14:00 шамасында жоғалған. Оны іздеуге 100 шақты адам жұмылдырылды. Құтқарушылар канал жиегінде іздестіру шараларын жүргізіп, сәбиді тірі күйінде табуға үміттенді.

«Өкінішке орай, үмітіміз ақталмады. Шымкент әкімдігі сәбидің ата-анасына қайғырып, көңіл айтады. Ата-аналарды мүмкіндігінше балаларына жақсылап қамқор болуға шақырамыз», - делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, сәби тойханада болған кезде жоғалған. Сәбидің ғимараттан шығып бара жатқанын ешкім байқамаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер