BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Шымкентте белгісіз біреулер бизнесменнің отбасын өлтіріп кетті

Фото: © azh.kz

16 наурыз күні Шымкенттің Тассай тұрғын үй массивінде қатыгездікпен адам өлтіру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Отырар порталына сілтеме жасап.

Белгісіз адамдар кəсіпкердің жанұясын өз үйлерінде өлтіріп тастаған. Бұл қастандықтан бизнесменнің студент қызы ғана аман қалып, болған оқиға жайында полицейлерге хабарлаған.

Порталдың ақпараты бойынша, қылмыскерлер үйге басып кіріп, кəсіпкердің əйелі мен енесін өлтірген. Əлгі ер адам жайлы əзірге еш мəлімет жоқ. Тек отағасының фермасы жəне бірнеше асханасы бар екені мəлім.

«Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс жасап жатыр», - деп жазады сайт.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер