BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Шымкентте асылып өлген ұстаз ісінде жаңа деректер пайда болды

Фото: Tengrinews.kz

Шымкент қаласындағы мектептердің бірінде асылып өлген ұстаздың ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Отырар» басылымына сілтеме жасап.

Такирхан Әбішевтің достары мен әріптестерінің айтуынша, ұстаздың отбасында осы уақытқа дейін бір адам өзіне қол салып өлген. Марқұмның туған ағасының қайтыс болғанына бір жыл да толмаған. Себебі әлі анықталмады.

Естеріңізге сала кетсек, 28 жастағы Такирхан Әбішев сыныптардың бірінде өлі күйінде табылған. Оны 11-сынып оқушылары тапқан. Әріптестерінің айтуынша, күндіз Такирханның көңіл-күйі жақсы болған. ОҚО ІІД хабарлауынша, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қазан 2018, 21:35
"Өзгеретін уақыт болды"
Пікірлер