BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Шығыс Қазақстанда зират өртенді

Фото:  altaynews.kz

Знаменка тас жолы бойында орналасқан зираттардың ішінен өрт шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрғақ шөптен тұтанған қызыл жалын қабір басындағы ағаш кресстерді, арнайы қоршалынған сыртқы сүйеніштер мен орындықтарға дейін шарпып үлгерген. Осының салдарынан айналаның барлығы көк түтінге оранған.

Оқиға орнына дереу жеткен Семей қаласының құтқару жасағының жеті қызметкері лапылдаған отты 1,5 сағатта әрең ауыздықтады. Мамандар өрт қасақана немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан осындай жағдай орын алуы мүмкін деген болжам жасауда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер