BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Шығыс Қазақстанда жігіті бойжеткенді ұрып өлтірді

Фото: rula.co.id

Шығыс Қазақстан облысындағы Таврия ауылында 21 жастағы бойжеткенді жігіті ұрып өлтірді. Оны көршілес орналасқан Привольное ауылында тұратын жас жігіт өлтірген болуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлан ауданы ішкі істер бөлімінде Таврия ауылының 21 жастағы тұрғынының өліміне қатысты ҚР ҚК-ның 106-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс жатыр», - деп хабарлайды ШҚО Ішкі істер департаменті.

Полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзуы мүмкін күдіктіні ұстады. Ол Привольное ауылының 23 жастағы тұрғыны. Күдікті тергеу изоляторына уақытша қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бейресми деректерге сәйкес, қайғылы жағдай қаза тапқан қыз тұрып жатқан ауыл маңындағы тоғанда болған. Қылмыс жасалатын түні бойжеткен жігітімен бірге демалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер