BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Шығыс Қазақстанда үй өртеніп, иесі көз жұмды

Фото: ШҚО ТЖД

Зырян қаласында адам өлімімен аяқталған өрт болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат бесте көпқабатты үйдің екінші қабатында өрт шыққан. Өрт шыққаны туралы көршілері хабарлаған. Арада бірнеше минут өткеннен кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына келген. Олар пәтер ішіне терезе арқылы кіріп, іштен 1956 жылы туған әйелді тауып алады. Оның қол-аяғы, арқасы күйіп, көз жұмған.

Өрт 20 минутта ауыздықталды. Өрт шығу аумағы 3 шаршы метрді құрады. Өрт шығу себептерінің бірі ретінде өртті абайсыз қолдану нұсқасы айтылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер