BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Шығыс Қазақстанда суға түсу маусымы басталғалы 28 адам суға батып кетті

Фото: LiveJournal

Суға түсу маусымы басталғалы Шығыс Қазақстанда арты қайғылы жағдаймен аяқталған 28 жағдай тіркелді. Суға батып көз жұмғандардың жетеуі – бала, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін ШҚО ТЖД қызметкерлері Сібе көлдерінің жағалауына барып, суда жүзген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін түсіндірді.

Сенбі күні құтқарушылар екінші және үшінші көлдің жағалауларына барды, өйткені сол жақта адамдар көп демалады.

«Қызметкерлер ата-аналарға ерекше назар аударды, өйткені суға жүзу маусымы басталғалы Шығыс Қазақстанда 7 бала суға батып кеткен», - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер