BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Шығыс Қазақстанда Шар өзенінен екі баланың денесі табылды

Фото: suaraperak.com

Қауіпсіздік ережесін сақтамағандар қапы қалып жатыр. ШҚО-да демалыс күндері бірнеше адам суға кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарма ауданында Шар өзенінен екі баланың денесі табылды. Олардың бірі 2007, екіншісі 2011 жылы дүниеге келген екен. Оқиғаға балалардың қараусыз қалғандығы себеп болып отыр.

Бұдан біраз күн бұрын Шемонаиха ауданы Уба өзенінен алты жасар баланың денесі табылған.

Ал Семейде бір мезетте екі адамның жоғалғандығы анықталып, құтқарушылар жасағы іздестірген. Олар бала емес, 33 және 45 жастағы азаматтар болатын.

Жуықта төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері Риддер қаласына қарасты Поперечное ауылы Уба өзенінен 61 жастағы адамның денесін тапқан. Ол катамаранмен серуендеп жүріп суға батты.

Өткен демалыс күндері облыстық төтенше жағдай департаменті мен шығыс аймақтық аэоромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және жергілікті тәртіп сақшылар бірігіп, аймақтағы шомылатын орындарда рейд жүргізген болатын. Рейд барысында профилактикалық шараларға демалушылардың көпшілігі түсіністікпен қарамағандығын айтып отыр олар.

Ресми мәліметке сүйенсек, биыл шомылу маусымы басталғаннан бері облыс бойынша 18 адам суға батқан екен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер