BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Шығыс Қазақстанда қоғамдық көлік жүргізушісі 9 жастағы қызды қағып өлтірді

Фото: kaztag.info

Қайғылы жағдай 16 мамырда «Старый Подхоз» аялдамасы маңында болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскен. Полиция қызметкерлері ақпаратты тексеру барысында көлік апаты кешкі сағат 17:00-де болғанын анықтаған.

«Қоғамдық көліктің 46 жастағы жүргізушісі Абай даңғылы бойымен Согра кентіне қарай бара жатқан. «Старый Подхоз» аялдамасының қасындағы жаяу жүргіншілер өткелімен ешкім өтіп бара жатпағанына көз жеткізіп алмаған ол кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланы қағып кеткен», - делінген хабарламада.

9 жастағы қыз алған соққы салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер