BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Шығыс Қазақстанда іссапармен жүрген жігіт суға батып кетті

Фото: AstroMeridian.Ru

Сүңгуірлер оқиға орнына келесі күні жетіп, 1,5 сағаттың ішінде мүрдені тапқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскеменнің 33 жастағы тұрғыны Жарма ауданының Әуезов кентінде іссапарда жүрген. 8 маусым күні ол түскі ас кезінде бірнеше адаммен бірге кенттен жарты шақырымдық жердегі жасанды тоғанға шомылуға барады. Қайғылы оқиға осы кезде болған.

«Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда. Шомылуға барған адамдардың барлығы ішімдік ішкені анық. Жасанды тоған шомылуға арналмаған», - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменттің ақпаратында.

Сүңгуірлер оқиға орнына келесі күні жетіп, 1,5 сағаттың ішінде мүрдені тапқан.

Еске сала кетсек, шомылу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстанда осымен бесінші адам судан ажал тапты. Оның біреуі — бала.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер