BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Шығыс Қазақстанда доллармен пара алып келген мемлекеттік қызметкер ұсталды

Фото: sputnik.by

ШҚО-да екі жыл көлемінде Қытайдан емін-еркін тауар өткізіп бергені үшін кәсіпкерден долларлап пара алып келген мемлекеттік қызметкер ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді.

«Тергеу барысында саудамен айналысатын жеке кәсіпкерден 2016-2018 жылдар аралығында ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметін аса маңызды істері бойынша аға офицері және Майқапшағай кеден бекетінің бас маманы Қытайдан Қазақстанға кедергісіз тауар өткізгені үшін және оған қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 40 мың АҚШ долларын құрайтын параны жүйелі түрде алып отырғаны анықталды», – деді ол.

Сондай-ақ Нұрлан Жахин күдіктілердің офистерін, тұрғылықты жерлерін және жеке көліктерін тінту барысында 13 млн теңгеден астам соманы құрайтын шетел валютасы тәркіленгенін атап өтті.

Күдіктілердің үшеуі де қазіргі уақытта қамауда. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер