BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Шығыс Қазақстан тұрғыны көршілерін өрттен құтқарып қалды

Фото: tsn24.ru

Кеше Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылындағы жер үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқару жасағының қызметкерлері келгенше, лапылдап жанып жатқан отқа қарамастан, көршілері 32 жастағы әйел адам мен 7 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денелерін күйік шалған екеуі де тез арада аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды төрт сағатта ауыздықтады. Тілсіз жау жалмаған аумақ 200 шаршы метрді құрайды.

Мамандар электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, осындай жағдай орын алуы мүмкін деген болжам жасауда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер