BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Шекарашының көзі қырағы, бейнекамерамен үш есе...

Фото: Kapital.kz

Астана, BAQ.KZ. Сарыағаштық шекарашылар Өзбекстаннан біздің елге жасырын өтпекші болған Мемлекеттік шекара бұзушыны ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Көзге түртсе көргісіз түн қараңғылығында бұтадан бұтаға жүгіріп, жан-жағына жалтақтай қарап, баспалап келіп тікенек сымды қоршаудың үстінен өрмелеп, біздің елдің аумағына қарай өтіп келе жатқан шекара бұзушыны ең бірінші болып Оңтүстік шекараның Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Қапланбек» заставасының түнде көретін құралмен жабдықталған бейнебақылау операторы байқаған" - делінген хабарламада.

Ол радиостанция арқылы сол маңдағы шекара нарядына хабар берген. Шекара бұзушының бағыты туралы ақпаратты алған шекара нарядының басшысы бойларын тасалап, «шақырылмаған қонақты» қарсы алдынан тосып алды.

Ұсталған адам Өзбекстан азаматы болып шықты. Өзімен бірге ешқандай құжаты жоқ. Құқық қорғау орындары хабарланып, оның кім екендігін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер