BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Шекарада. Контрабанда ұсталды.

Түркістан облысы, BAQ.KZ. Сарыағаштың шекарашылары құны 5,4 млн теңгенің контрабандалық тауарын және 40 100 доллардың елден шығуына тосқауыл болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядының «Сарыағаш» теміржол көліктерін өткізу бөлімшесінің шекара наряды «Рыбачий - Ташкент» бағытымен кетіп бара жатқан пойыздың вагонынан Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

«Ол өзімен бірге Мемлекеттік шекарадан 5 400 000 теңгенің декларацияланбаған тауарларын (449 дана газ құбырының есептегішін) жасырын алып өтпек болыпты. Тауар тәркіленіп тиісті орындарға өткізілді», - дейді шекарашылар.

Артынша «Қазығұрт» автокөліктерді өткізу бөлімшесінен хабар келді.

«Ол жердегі шекара наряды елден шығып бара жатқан, жүргізушісі Өзбекстан азаматы, Лексус 570 автокөлігін кеден қызметкерлерімен бірге тексеру кезінде 40 100 АҚШ долларының заңсыз әкетіліп бара жатқандығын анықтаған. Акт жасалынып, тиісті орындарға тапсырылды», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер