BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Сериал түсірілімі барысында 50 жастағы актер соққыдан қайтыс болды

Фото: life.ru

Ресейдің Ярославск облысында "Смерш" сериалының түсірілімі кезінде маңдайынан қатты соққы алған 50 жастағы актер байқаусызда көз жұмды, деп хабаралайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru порталына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жаппай төбелес қойылымын ойнау барысында орын алған. Белгілі болғандай ер адам маңдайынан қатты соққы алып, артынша қайтыс болған.

Актердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу комитетінде актерлер мен түсірілім тобының мүшелері қазір сұраққа жауап беріп жатқаны айтылды. Соққы жұмсаған адамның ұсталғандығы жөнінде әзірге мәлімет жоқ.

Айта кетейік, "Смерш" сериалы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі барлау қызметі ұйымының жауынгерлері жайлы баяндайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қазан 2018, 21:35
"Өзгеретін уақыт болды"
Пікірлер