Семейлік жолаушының автобуста 1,5 млн теңге ақшасы жанып кетті - Оқиға|09 Тамыз 2018, 13:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Семейлік жолаушының автобуста 1,5 млн теңге ақшасы жанып кетті

Фото: altaynews.kz

Семей қаласының тұрғыны Ержан Амарханов «Семей-Новосібір»бағытындағы қызыл жалынға оранған автобустан 48 адамды құтқарып қалды. Оқиға өткен жексенбіде, яғни тамыздың 4-нен 5-іне қараған түні Алтай өңірінде орын алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресейдің көптеген баспасөз басылымдары жарыса жазуда.

Алайда бір өкініштісі Ержан адамдарды құтқарамын деп есі шығып жүгіріп жүргенде, өртеніп жатқан автобустың ішінде автокөлік сатып аламақшы болған 1,5 млн теңгесі мен құжаттары түгі қалмай жанып кеткен екен. Ал қазіргі таңда жерлесіміз Ресейде бірде-бір құжатсыз жүр.

«Мен отырған орындықтың қатты қызып кеткенін сезіп, бірден оянып кеттім. Айналама қарасам, барлық жерді көк түтін басып үлгерген. Біреулер ұйықтап жатса, енді біреулер ес-түссіз жатқан еді сол кезде. Жүргізушіге «Тездетіп есікті аш, өртеніп жатырмыз!» деп бар дауысыммен айқайладым. Содан соң есеңгіреп ояна алмай жатқандарды теуіп, ұра бастадым. Бар мақсатым оларды қайтсем де сыртқа алып шығу еді…. Енді тек қаражатымды қайтарып алсам деймін. Шынымды айтсам, одан басқа ештеңе сұрап та тұрғаным жоқ», - дейді Ержан.

Мына видеодан-ақ байқауға болады, тілсіз жау жолаушылар көлігінің төбесіне дейін шарпыған. Абырой болғанда, құрбандар мен жарақат алып, күйік шалғандар жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер