BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Семейлік студент қыз сөмкесі ұрланғаны жайлы жалған ақпарат берген

Фото: tomatis.kiev.ua

21 жастағы семейлік студент қыз орталық полиция бөліміне өзін тонап кеткені жөнінде арыз түсірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның сөзінше, автобус аялдамасында белгісіз біреулер оның сөмкесін күш көрсетіп тартып алған. Ал сөмкеде 200 мың теңге мен банк карточкасы болыпты. Полицейлер жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, бұл ақпараттың қып-қызыл өтірік екенін анықтаған. Сөйтсе арыз беруші бұл қаржының бәрін керегіне жаратып қойыпты. Қазір Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қазан 2018, 17:27
Қыз ұзатуға шақыру
Пікірлер