BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Семейді тағы су басты

Фото: Экспресс К

Семейде нөсер жаңбыр мен бұршақ салдарынан жеке меншік сектордағы көшелер мен аулалар су астында қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«13 маусым күні Семейде нөсер жаңбыр салдарынан жеке меншік сектор аумағында көлік жолдары мен аулаларды су басқандығы жөнінде «112» желісіне қоңырау шалынған. Зардап шеккендер жоқ» - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Семей қалалық ТЖБ қызметкерлері коммуналдық қызмет арқылы келтірілген шығын көлемін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жергілікті атқару органдарының күшімен суды тартып шығарып жатыр. Коммуналдық қызметтің мәліметтері бойынша электр желілеріне зақым келмеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер