BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Семейде терек мамығы өртке себеп болды

Фото: Tv.ua

Қаладағы Красина көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазғы кезеңде «жазғы қар» аталатын теректердің гүлденуі қала тұрғындары мен жедел қызметтерді талай сарсаңға салады.

Осыдан төрт күн бұрын Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті терек мамықтарын өртеу өте қауіпті екенін ескерткен болатын.

Жыл сайын Қазақстанның көп жерлерінде ақ мамықтың қызыл жалынға орану салдарынан өрт оқиғалары көп тіркеледі. Биыл да Семей қаласында тура осындай бір оқиға тіркеліп отыр. Нақтырақ айтқанда, демалыс күндері қаладағы Красина көшесіндегі үйлердің бірінде от шықты.

Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт дер кезінде сөндірілген. Зардап шеккендер, иіс тигендер жоқ. Тек қана тілсіз жау үйдің шатыры мен шаруашылық нысандарына дейін шарпып үлгеріпті.

Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер