BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Семейде суға батып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Фото: inform.zp.ua

Іздеу жұмыстарына судағы құтқару қызметі мен қаладағы “RINA. KZ-Семей” еріктілер қозғалысының мүшелері де жұмылдырылған болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыдан екі апта бұрын кешкі сағат 20:00-де Бобровка саяжайы жағындағы Ертіс өзенінде достарымен демалуға шыққан 42 жастағы азаматша суға батып кеткені туралы хабарлаған едік. Аяқ астынан өзеннің қатты ағысы ағызып әкеткен Бақытгүл есімді әйел адамның денесін іздеу жұмыстарына судағы құтқару қызметі мен қаладағы “RINA. KZ-Семей” еріктілер қозғалысының мүшелері де жұмылдырылған болатын.

Енді, міне, көп ұзамай құтқарушылар әйел адамның өлі денесін Старая крепость ауылының маңайынан тауып алды. Марқұмның мәйіті туған-туыстарына тапсырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер