BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Семейде ер адам көпірден секіріп кетті

Фото: dnpr.com.ua

Семейде аспалы көпірден секіріп кеткен ер адам су астынан іздестірілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай бүгін таңертең болды. Қалалық төтенше жағдай және судан құтқару басқармаларына таңғы сағат 09.00 шамасында аспалы көпірден ер адамның суға секіріп кеткендігі туралы хабар келген.

Ер адамды сүңгуір мамандар іздестіруде. Зардап шегуші туралы басқа ақпарат жоқ.

«Болған жағдайды бізге куәгерлер айтты. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ер адамның суға секірген-секірмегені белгісіз. Егер мұндай жағдай болғаны рас болса, ер адамның туыстары хабардар етеді. Қазір оны су астынан іздеу жұмыстары жүріп жатыр», - дейді Семей қалалық судан құтқару қызметінің басшысы Қуанышбек Байтуғанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер