BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Семейде бес жастағы бала үйдің төртінші қабатынан құлап кетті

Фото: Newstracker

Бес жастағы бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай Жаңасемей көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Қалалық құтқару қызметіне баланың құлап кеткені туралы хабар келген. Анықталғандай, ересектердің қадағалауынсыз қалған бала төртінші қабаттан дүкеннің қалқаншасына құлаған.

«Бала бассүйек-ми жабық жарақатын алған, миы шайқалған және денесі жараланған күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер