BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Семейде әйел үш жасар сәбиін 5-қабаттан лақтырып жіберді

Семейде 36 жастағы әйел 3 жасар сәбиін бесінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем станциясынан мәлімдегендей, оқиға күндіз сағат он екілер шамасында болған. 36 жастағы әйел 3 жасар баласын бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен лақтырып жіберген. Сәби бірінші қабаттың кіреберісінің карнизіне құлапты.

«Сәбидің жамбас сүйегі сынған, көптеген жарақат алды. Ауруханаға жеткізілген кезде жағдайы ауыр болатын», - дейді жедел медициналық көмек станциясындағылар.

Ал туған баласын өлімге қиған әйел психикалық денсаулық орталығына орналастырылды. Баланың анасы ол жерде бұрыннан есепте тұр екен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер