BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Сарыағашта өртенген машинаның ішінен үш жасар сәбидің денесі табылды

Фото: otyrar.kz

7 шілде күні Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының Жемісті ауылында төрт үй бірден өртеніп кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Сарыағаш ауданы Жемісті ауылындағы Әуезов көшесінде орналасқан төрт үйдің отқа оранғаны туралы хабарлама күндізгі сағат 13:23 шамасында келіп түсті. Өрт кезінде бір үйдің ауласында тұрған «ВАЗ-2106» көлігі де жанып кеткен. Машинаның ішінен 2015 жылы дүниеге келген сәбидің денесі табылды. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр» — дейді өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртке оранған үш үйдің жалпы аумағы 436 шаршы метр. Ал төртінші үйдің 96 шаршы метр шатыры жанған. Тілсіз жау 14:43-те ауыздықталып, 16:03 шамасында толықтай өшірілді.

Отты өшіруге өрт сөндіру қызметінің 17 жұмысшысы мен 3 техникасы және Сарыағаш ауданының ІІД қызметкерлері қатысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер