BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қызылордада екі автобус соғысып, екі кісі мен бір бала қаза тапты

Асатана, BAQ.KZ. 16 қараша күні кешкі 19.00 шамасында Қызылорда қаласынан 130 шақырым жердегі «Самара-Шымкент» тасжолында 2 автобус соғысып, жолаушылар зардап шекті.

«Қазалы-Қызылорда» мен «Қызылорда-Қармақшы» бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 43 жолаушы Қармақшы аудандық ауруханасына, 6 адам Жалағаш ауданының орталық ауруханасына, 5 адам облыстық медицина орталыққа жеткізілді. Қалған 30 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеу шаралары тағайындалды. Апат орнында 2 адам таза тапты және ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетін болады


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер