BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Рудныйда бұтақтардың арасынан сәби табылды

«Қостанай жаңалықтары» басылымы сенімді дереккөзге сілтеме жасай отырып, Сандригайло көшесінің бойындағы «Қазмұнайгаз» жанармай станциясының артқы жағында 9 қыркүйек түнде сағат 23.00-ге қарай болған оқиға туралы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, жоғарыда аталған мекенжайда жаңа туылған сәби табылған.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Баланың салмағы – 3 килограмм. Ол Рудның перзентханасына жіберілді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер