BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Ресейде маңғыстаулық 6 жасар баланы «газель» қағып кетті

Фото: ic24.kz

9 тамызда сағат шамамен 17:00-де Ресей-Қазақстан шекарасынан «газель» жүк көлігімен өтіп бара жатқан 22 жастағы шетелдік азамат 6 жастағы қазақстандық баланы қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі astrakhan-24.ru сайтына сілтеме жасап.

Аймақтық ІІМБ-ның мәліметі бойынша, бала жол бойына кенеттен шыға келген. Осы уақытта оны анасы ұстап қалған. Бала тоқтаған, бірақ өзіне жақындап қалған көлікті аңғармай, бір қадам алдыға жылжып қойған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Маңғыстау облысының тұрғыны әртүріл дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша әкімшілік тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер